2015 жылғы 19 маусым, Астана қаласы
«Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 485 және 486-баптарына сәйкес келтіру мақсатында 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 37-бабы 1-тармағының 7-1) тармақшасын басшылыққа алып, бұйырамын:
1. «Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақаны есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5675 болып тіркелген, 2009 жылғы 29 мамырдағы № 80 (1677) «Юридическая газета» газетінде жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесінің қосымшасындағы 6-баған алынып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су және биологиялық ресурстар департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.МАМЫТБЕКОВ
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 22 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11719 болып енгізілді.